Меню KDT
Список пуст

школа-гимназия №5
  • kz
  • Все новости

    Білім қүні

    алғашқы қоңырау1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла, қоңырау!» атты салтанатты жиынның және бірыңғай сынып сағаттарының өтілуі туралы жазбаша мәлімет Мектептің жұмыс жоспарына сай, 2016 жылдың 1 қыркүйегі сағат: 10.00-де 2016 - 2017 оқу жылының басталуына байланысты «Сыңғырла, қоңырау!» атты салтанатты жиын өткізілді. Мектепің алды салтанатты жиынға сай безендіріліп, музыкалық қондырғылардың қамтылуымен жан-жақты әуендермен қосталды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталды. Салтанатты жиынға ауыл әкімі Н. М. Хайранбаева, ардагер ұстаздар В.В.Мороз, ауылымыздың ардагерлер кеңесінің төрағасы М.С.Сапиев, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясының басшысының міндетін атқарушы Ракышева Алима Кайрекешевна қатысып, оқушылар мен ұстаздар қауымына өз лебіздерін білдірді. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер білім мекемесіне шағын қойылымдарын арнап, сынып жетекшісі А.Я.Ерғали мен 1-сынып ата-аналары атынан Б.Көптілеуова жүрекжарды тілектері арналды. Мектеп түлектері 1-сынып оқушыларына білімге бастау болар «Сауат ашу» оқулығымен бірге Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным Қазақстан» атты оқулығы табыс етті. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің үлгілі оқушылары арасынан (11- сынып болмағандықтан) 9 сынып оқушысы Бақытжан Дәулетжан мен 1-сынып оқушысы Ғайса Аяулым табысталды. 9 -сынып оқушылары 1- сынып оқушыларын ата – аналарымен өз сыныптарына шығарып салды. Мектептің жұмыс жоспарына сәйкес оқу ісінің меңгерушісі А.К.Құрманғалиева жұмыс бөлімімен таныстырды. Салтанатты жиын жоспарға сай өткізіліп, 35 минутта аяқталды. Салтанатты жиынға 1-10 сыныптан 94 оқушы, 29 білім қызметкері қатысты. Білім күніне орай «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Бұл тәрбие сағаттарына ауылымыздың өзге ұлт өкілдері қатысып, оқушыларға Қазақстан мемлекетінде «бір ел» болып еңбектеніп, тату өмір сүріп жатқандары туралы әңгімелеп берді. Бұл тәрбие сағаттары мектептің жұмыс жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес 1 қыркүйек күні 1-сабақта өткізілді. Алғашқы сынып сағаттарына сынып оқушылар түгел, Мектеп Жарғысына сай киім үлгісінде қатысты. Сондай-ақ, алғашқы сынып сағаттарына ата – аналар да қатыстырылды. 08.09
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1

    Прогноз погоды

    Полезные ссылки